Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Игра престолов” фильмінің саундтрегін қобызбен орындаған қыз елді тәнті етті (видео)

Америкадан шыққан “Игра престолов” телехикаясын әлем бойынша миллиондаған жан тамашалайды. Тіпті, АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама аталған фильмді көретінін мойындаған еді. Бүгінде бұл фильмді Қазақстанда да тамалаушылар көп, деп жазады Stan.kz.

игра престолов кобыз

Телехикаяның әр бөлімін тағатсыздана күтіп, фильмдегі актерлердің нағыз фанатына айналған жандарға жағымды жаңалығымыз бар! Аталған фильмнің басты саундтрегі қазақтың сайын даласын көз алдыңа келтіретін қобыз аспабымен шырқалды. Әннің жаңаша нұсқасын жастардың көңілінен шығып жүрген Dj Byke жасап шығарған.

Өз кезегінде желі қолданушылары танымал телехикаяның әнін қобыздың үнімен жеткізген бойжеткеннің өнеріне тәнті болды.

“Супер, әсіресе опералық дауыс. Клип керемет”, “Күшті, жұмыстарыңыз алға баса берсін”, “Тамаша, тек домбыра қосқаныңызда бұдан да керемет болар еді”, “Жақсы шыққан, бірақ соңына дейін домбыраның күмбірлеген даусын күттім”, – деп пікір білдірді желідегілер.

Жіберіп алмаңыз:

“Ninety one” тобы қандай жағдайда тойға шығатындарын айтты

Дана Нұржігіт алғаш рет бірінші күйеуімен не себепті ажырасқанын айтып берді

Ән театрын ашқан Баянның сіңлісі талантты жандарға іздеу салды

Динара Сәтжанның 3 жасар қызы сән сахнасын бағындырды (видео)

Талқылау