Иесі көлігін ыстықтан қорғау үшін сиырдың тезегімен сырлап тастады
Үндістан тұрғыны көлігін сиырдың тезегімен сырлап тастады.

Суретте Toyota маркалы көліктің органикалық тыңайтқышпен сырланғаны көрініп тұр. Суретті үндістандық азамат Рупеш Гауранга Гас желіге жариялады.
"Тезекті тыңайтқыш ретінде пайдаланудың мынандай түріп бірінші рет көріп тұрмын. Көлікті 45 градусты ыстықтан қорғау үшін сиырдың тезегімен сырлап тастаған", - дейді ол.
Үндістанда ауыл тұрғындары үйінің қабырғасын сиырдың тезегімен сырлайды. Ол жазда ыстықтан, қыста суықтан қорғайды.
Соңғы кездері Үндістанда ауа температурасы 40 градус ыстықты көрсетуде. Билік өкілдері тұрғындарға күндізгі уақытта көшеге шықпауға кеңес береді. Сағат 10:30 мен 15:00 аралығындағы күннің аптап ыстығы денсаулыққа зиян тигізеді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады