Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының алғашқы екі томы чех тіліне аударылды
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының алғашқы екі томы чех тіліне аударылды, деп хабарлады Чехия Республикасы мен Словакиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің баспасөз қызметі.

«Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының алғашқы екі томы: «Алмас қылыш» және «Жанталас» чех тіліне аударылып, таныстырылды»,- делінген хабарламада. Үшінші «Қаһар» кітабын Қазақстан Елшілігі ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылдың желтоқсанында таныстырады.
«Кітап чехиялықтар арасында қызығушылық тудырды. Олар трилогияның үшінші томын тағатсыздана күтуде», – деп жазылған хабарламада.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"