Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Халықтың сұранысы дегенді қою керек: Нұрлан Еспанов плагиатқа құмар әншілерге шүйлікті

Бүгінгі таңда қазақ эстрадасының өкілдері арасында шетелдік әуендерге «жиендік» жасамағаны саусақпен санарлық. Тас атса плагиатқа тап болған заманда шетелдік әуендерге әуес өз әншілерімізді ақтай аламыз ба? Түріктің, қырғыздың, басқа да ұлттардың әуендерін заңсыз иемденген әншілер арасында Ернар Айдар, Төреғали Төрәлі, Кентал және т.б. бар.

Нұрлан Еспанов

"Еуразия" бірінші арнасындағы «Бір сұрақ» бағдарламасында Асхат Тарғын өзі орындаған атышулы «Мария Магдалена» әнінің әуені итальяндықтарға тиесілі екенін мойындады. Ал құрамында Рысбек Аташ ән салған бұрынғы «Арай» тобының «Ақ қурай» әнін румындықтардан ұрлағаны осыдан бірнеше жыл бұрын әшкере болған еді.

Осы тұста сазгер Нұрлан Еспанов өз беттерімен ізденгісі келмейтін, дайын дүниені пайдаланғысы келетін әншілерге деген өкпесін жеткізді.

«Негізі біздің әншілеріміз жалқау. Кей әншілерден не істеп жатсың, не істемек ойың бар деп сұрасам, «шетелдің әнін ала салам да, соған қазақша сөз жазып айта салам, кім іздеп жатыр?» дейді. Композиторларға келіп, осындай стильде ән жазып берші десең, сазгер де, ақын да табылады ғой. Халықтың сұранысы осы дегенді қою керек. Халық әншіге келіп, осындай ән жазшы демейді ғой. Бұлар (ред. ескертпесі – әншілер) өздері іздеп тауып алады ғой. «Мария Магдаленаны» біреу әкеп берген жоқ қой, мынаны айтшы деп», - деді сазгер.

Әншілер қауымы дайын дүниені иемденіп, оңай олжаға кенелгісі келгенімен, «Ұрлық түбі қорлық» екенін ұмытпаулары керек.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр