Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Халық адамды ғана емес, өз болашағын таңдап отыр": Назарбаев сайлауда дауыс берді

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Alt

Сурет: informburo.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс президент сайлауында өз дауысын берді. Тұңғыш президент Нұр-Сұлтан қаласындағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 учаскеге келіп дауыс берді. Сондай-ақ, ол өтіп жатқан сайлауға қатысты пікір білдірді. 

"Құрметті қазақстандықтар, бүгін біздің мемлекетімізде президент сайлауы өтіп жатыр. Халық адамды ғана емес, өзінің болашағын, тағдырын, мемлекетке қатысты не жасалатынын өзі таңдайды. Бұл жылы сайлау өзгеше.

Мен президенттік өкілеттігімді тоқтаттым және біз конституцияға сәйкес, билікті келесі ұрпаққа беріп отырмыз. Меніңше, бұл дұрыс. Себебі, барлығы бір орында тұрмайды, әрі қарай жылжиды. Біздің мемлекетіміз де өзге демократияны ұстанатын мемлекеттер секілді билікті ауыстырып отыруы тиіс. Билікке жаңаша ойлайтын, Қазақстанды биік жетістіктерге жетелейтін адам келуі тиіс", - деді Назарбаев. 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 9 маусым, Қазақстан Республикасында президент сайлауы өтіп жатыр. Мемлекетте үш сағат ішінде халықтың 12,8%-і дауыс беріп үлгерді. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мен билікті бір-бірін қолдауға шақырды. 

Талқылау