Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова: Кей аналар баласының аузына барын тосып, қартайғанда жылап отырады

Гүлзира Айдарбекова балаларын жастай еңбекке баулыған. Айтуынша, бала кезден еңбек етіп үйренбеген баладан қартайғанда жақсылық көру қиын. Аманжол Рысмендиевке сұхбат берген Гүлзира Үсенқызы баласының аузына барын тосып, қартайғанда опық жеп қалатын ата-аналар туралы айтты, деп жазады Stan.kz.

“Қайрат 6 жасқа толғанда екінші баламды көтердім. Біз ол кезде балалардың болашағын ойлап, көбіне сыртта жүретінбіз. Бірақ көп нәрсені Қайратқа артып кететінбіз. Інілеріңе қара, үйді жина, еденді жуып қой деп. Барлығын дайындап отыратын. Әкесінен қатты таяқ жейтін, әкесі қаталдау болды. Қайратты жұмысқа қатты салдық”, – дейді Гүлзира Үсенқызы.

Бұл ретте Қайраттың анасы баланы жастай еңбекке баулудың артықшылығы туралы сөз етті.

 

“Қазір қарап отырамын, баласына бар айтқанын әперіп, бір ауыз сөзін жерге тастамай, тамағын да, киімін де алып беріп, барлығын істеп беретін ата-аналар бар. Бірақ барлық балада арман болу керек. Ол қол жеткізе алмайтын, өзі қиялдайтын нәрсе болу керек. Мысалы біз өзіміз де солай өстік. Бір көйлек алу үшін кетпен шауып, жаз бойы жұмыс істейтінбіз. Алма теріп, жұмыс істеп, еңбектеніп тапқан көйлегіміз бізге сондай керемет боп тұратын.

Барлығын алдына әкеп беретін болса, онда өмір бақи ата-анасының мойнында отырады. Ата-анасы қартайған кезде жұмыс істегісі келмей, зейнетақысын жаратып отыратын адамдар бар. Олар баласынан күйіп, өртеніп отырады. Сондықтан шүкіршілік деймін”, – деп бөлісті Айдарбекова.

Бұдан өзге, Қайрат Нұртастың анасы әр қадамын аңдып, тырнақ астынан кір іздеп отыратын желідегі оқырмандарына жауап берді.

“Мен басқа жұмыс істей алмаймын. Мысалы мен бутик ашып отырсам, «Қайраттың анасына не жоқ?» деп айтады. Кезінде әкесі ағаш сатып, кәсіппен айналысты ғой. Қазір соны жасаса, тағы айтады. Қайраттың әкесі маған ағаш сатып жүр деп сөз қылады. Біз бір шетінен ыңғайсызданамыз, ал бірақ әркімнің өз өмірі бар ғой. Сахнаға шығып ән айтса да, баласымен жағаласып не бар дейді. Оның бәрі дұрыс емес. Кең Қазақстанымызға бәрі сыяды.

Кезінде әншілердің жағдайы жақсы болған жоқ. Сондықтан күйеуім әншілікті ысырып, қалайда бізді асырап-бағуды, Қайратты жеткізуді ойлады. Қол орамға келгенде әкесі ән айта ма, клипке түсе ме, ол өзінің арманын орындау керек. Кішкентай бала түгілі үлкен адамның өзінде арман болады. Қартайып, жатып қалған ештеңеміз жоқ. Елуді міне еңсердің деп ән айтып, клипке түскеніміз сияқты…

Сол сияқты кезінде халатты киіп алып, құдықтан су тасып, күніне пәленбай қонақ күтіп, тіпті әдемі көйлек те кие алмай жүрдік. Ал енді неге жақсылықтың бәріне қол жеткенде, еңбегіңнің жемісін көрген кезде неге жарқырап жүрмеске?” – деп назын жеткізді Айдарбекова.

Жіберіп алмаңыз:

Смартфон, гитара, шоколад: Тыңдармандары Ninety one солистерінің туған күніне ерекше сый жасады

Дастан Оразбеков Төреғалидің әкесімен жаға жыртысқанын ашық айтты

Жақын досы Айқынның екі отбасын асырап отырғанын ашық айтты

Тұрсын Алагөзовпен шаңырақ көтерген Баян Мақсатқызы сәбилі болуы мүмкін

 

Талқылау