Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғылыммен дәлелденген: Ата-анаңызбен қаншалықты көп уақыт өткізсеңіз, соншалық ұзақ өмір сүреді

Ғалымдар бізді қызықты әрі маңызды жаңалықтармен қуантуда. Мысалы, жақын күндері Калифорния Университеті ғалымдары ата-аналарымызға қалай ұзақ әрі бақытты өмір сыйлай алатындығымыздың құпиясын ашты. Оның жауабы да қиын емес.   

Казахский-пенсионер-1024x682

Жалғыздық қартаю процесінің жылдам жүруінде маңызды рөл атқарады. Ғалымдар егде жастағы 1600 адамның жағдайын бақылады. Олардың орташа жасы 71 жасты құрайды. Ал денсаулық, әлеуметтік-экономикалық жағдайы сынды факторлар есепке алынбаған. Басты әрі жалғыз фактор – жалғыздық.

Зерттеу жұмысы жүргізілген 6 жыл ішінде жалғызбасты қатысушылардың 23%-ы, жақындары тұрақты түрде келіп-кетіп тұрған қатысушылардың 14%-ы көз жұмған.

Адам жасы ұлғайған сайын ол отбасындағы қарым-қатынасқа соншалық мән бере бастайды. Өкінішке орай, балалары мен немерелерінің қарт ата-анасы, туыстарымен көп араласқысы жоқ.

Жалпы алғанда, егде жастағы адамдар – жостары мен жақындарының назары жетіспеушілігіне анағұрлым төзімді. Олар қашан да өскелең ұрпаққа ақыл-кеңес беріп, өмірлік өнеге, тәжірибесімен бөлісуге дайын.

Біз басымызға қиын күн түскенде бірден ата-анамызға, ата-әжемізге асығып, кеңес сұраймыз немесе еркелете құшқанын қалаймыз. Мейірімін аңсап тұрамыз да. Сондықтан олардың біздге бөлген уақытын, әлі күнге дейін жалғасып келе жатқан қамқорлығын бағалап, олардың да біздің қамқорлығымыз бен көңіл бөлгенімізді қалайтынын есте ұстауымыз керек. Аптасына бірнеше сағат жанынан табылу, күніне бір рет қоңырау шалу арқылы оларға ұзақ әрі бақытты өмір сыйлай аласыз.

Талқылау