Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грузияда алғаш рет әйел адам президент атанды

Грузияда өткен президент сайлауында тәуелсіз үміткер Саломе Зурабишвили жеңіске жетті.

Саломе Зурабишвили

Бұл туралы «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Сайлауда үміткерлерге 98,5 пайыз дауыс берілген. Ал Зурабишвили шамамен 60 пайыз дауыспен көш бастап тұр. Оның бәсекелесі, оппозиционер Григол Вашадзе 40 пайызға жуық дауыс жинады.

Сайлауға дауыс берушілердің жартысынан көбі келген. Дауыс беруге келгендер саны 56,23 пайызды құрады.

Бастапқыда Грузия президенттігіне 25 адам үміткер болған еді. 28 қазанда өткен сайлауда 25 үміткердің ешбірі 50 пайыздан аса дауыс жинай алмағандықтан, сайлаудың екінші кезеңі өткізілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау