Google Путинді әлі болмаған президент сайлауының жеңімпазы деп хабарлады
Google іздеу жүйесі “2018 жылғы Ресейдегі президенттік сайлау” және “сайлау 2018” сұраныстарына қазіргі президент Владимир Путинді дауыс беру жеңімпазы деп жариялады.

Google Путиннің жеңімпаз болғаны туралы тек орыс тілінде ғана емес ағылшын тілінде де ақпарат көрсетіп тұр.
«ВКонтакте» желісі қолданушыларының айтуынша, біреулер Уикипедияға жалған ақпарат жүктеген. Сол арқылы Google нәтиже шығарып отыр.

Айта кетйік, Ресейде президент сайлауы 18 наурызда өтеді. Кандидаттар қатарында Ресейдің Либерал-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновский, РФ Коммунистік партиясы Павел Грудинин және РФ қазіргі президенті Владимир Путин бар.
Тағы оқыңыз:
Қарындастарына арнап ән айтқан Қарақаттың ұлдары жұртты сүйсіндірді (видео)
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”