Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкиннің промоутері «Канелоға» қатысты қаржылық даудың басын ашып берді

Орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер екінші кездесу алдында Сауль Альварестің командасы қандай қаржылық шарттарды алға тартып отырғандарын айтып берді.

Головкиннің промоутері «Канелоға» қатысты қаржылық даудың басын ашып берді

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеп, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Геннадий «Мен жай ғана табыстың адал бөлінгенін қалаймын. Яғни, 50-де 50. Себебі, мен-чемпионымын»,-деп айтарын айтты. Біз бірінші жекпе-жектің алдында пайыздық көрсеткішіміз төмен болғандықтан біршама жеңілдіктер жасадық. Кейін Геннадий өзінің шеберлігін дәлелдеген соң да, екінші шайқас алдында айтарлықтай артықшылықтар бердік. Бірақ «Канело» қандай да бір себептермен, үлкен артықшылыққа ие болуын талап етіп отыр. Ол екінші айқаста табыстың 65%-ын өзіне, ал Головкинге 35 пайыз ғана бөлуді талап етуде. Ал, Геннадий болса, бұны әділетсіз деп санайды. Себебі, чемпион ретінде 35%-алы алу әділетсіздік»,- деді Том Леффер.

Егер тараптар қаржы мәселесін шешсе, Головкин мен Канелоның екінші шайқасы 15 қыркүйекте Мексикадағы Тәуелсіздік күнінде өтуі мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау