Головкинмен айқасқа шығатын “Канелодан” допинг табылды
Бұл мәліметті БАҚ-қа ресми мәлімдеме таратқан Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы растап отыр. Сондай-ақ, BoxingScene басылымы мен басқа жерлерде де осындай ақпарат жариялануда, деп хабарлайды Vesti.kz.
Альварестің допинг-сынамасынан кленбутерол табылған. Бұл препарат адамға бұлшықет массасын өсіруге және майды жоюға көмектесетін көрінеді. Ал спорттан тыс бұл препарат жануарлардың массасын өсіруге арналған.
Golden Boy мәлімдемесінде Альварестің ағзасына бұл препарат зақымдалған ет арқылы енген болуы мүмкін екені айтылады, дәл осындай жолмен соңғы кездері ондаған спортшының ағзасына кленбутерол еніп кеткен. Мұны Солт-Лейк-Ситидегі SMRTL зертханасының директоры Дэниэль Айкнер де растады.
Айта кетейік, боксшылардың реваншы 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді деп жоспарланған болатын. Әзірше, жекпе-жекті өткізбеу немесе уақытын өзгерту туралы ешқандай ресми хабарлама таратылмаған.
Тағы да оқыңыз:
Оралда зираттан жаңа туған нәрестенің денесі табылды
Астанада қансыраған күйі ауруханаға түскен сәбидің ағасы оның төсектен құлап қалғанын айтты
Қарағандыда ауруханаға түскен сәби бір айдан кейін сал болып қалды

"Дәрігерлер ішіңдегі балаңды алдыр деді": Астаналық азамат екі бүйрегі де істен шыққан әйелінің еміне көмек сұрайды
