Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Головкиннің бапкері оның келесі жекпе-жегінің уақыты мен қарсыласын атады
Boxingnews24.com басылымының журналисі Шон Джонс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің алдағы жоспарларына қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Леффлердің сөзінше, Головкин 2019 жылдың алғашқы жартысында, наурыз немесе сәуірде, жұдырықтасады. Әзірге ол Головкиннің қарсыласы кім болатынын айтпады. Алайда GGG-ның бапкері Абель Санчес WBA нұсқасы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі «тұрақты» чемпион Роб Брантпен 2019 жылы кездесуге ықылас танытып отырғандарын айтты», – деп жазады автор.
Еске сала кетсек, 20 қазанда Роб Брант (24-1, 16 КО) жапониялық боксеру Риота Муратаны жеңіп, WBA-ның жаңа чемпионы атанған еді. ал Головкиннің командасы бастапқыда 2019 жылы Муратамен Жапонияда кездесуді жоспарлаған.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған