Головкинге Альвареспен кездесуден бас тарту ұсынылды

Жексенбі, 14 Қаңтар , 2018 19:17

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) командалары арасындағы келіссөздерге қатысты Boxingnews24.com журналисі Шон Джонс пікір білдірді.

Бұл туралы  Sports.kz хабарлайды.

“Боксшының қарсыласының командасы тиімсіз шарт ұсынса, кейде Головкин секілді боксшыларға одан әрі жылжу керек. Мұндай кезде басқа бағытты таңдаған жөн.
WBO чемпионы Сондерс егер “Канеломен” реванш 5 мамырда өтпейтін болса, Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты. Головкин онымен кездесіп, жеңіске жетсе, 160 фунт салмақтағы төрт белбеуді де иеленеді. Қазіргі таңда  “Канело” — GGG реваншы өте ме, жоқ па, ол белгісіз болып тұр”, — деп жазды журналист.Сондай-ақ, Шон Джонс бұл жекпе-жек өткен күннің өзінде “Канелоның” дегені болатынын айтты. Себебі ол көп ақша алады.

“Егер боксшылар кездесуді кейінге қалдырып, бірі басқа боксшыдан жеңіліп қалатын болса, бұл жекпе-жек ешқашан өтпеуі де мүмкін.

Сонымен қатар, келісімшартта Головкин үшін реванш өткізу мүмкіндігі қарастырылмайды. Ол ұтылған белбеулерін қайтара алмайды. “Канело” Головкинмен үшінші рет кездескенше, қомақты ақша әкелетін басқа біреумен жұдырықтасады”, — дейді журналист.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық актриса Абу-Дабиде джиу-джитсудан өткен жарыста алтын жүлдеге ие болды

Дәрігер Ақтау-Тараз ұшағының жолаушысының өмірін аман алып қалды

Шымкентте өткен тойдағы құны 59 миллион теңге тұратын торт қазақстандықтарды таңдандырды (фото, видео)

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Төреғалиден ақшасын ала алмаған продюсерді сынап тастады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар