Головкинді Қазақстанның әнұранын айтқысы келмейді деп айыптады
Мексикалық боксшы Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя Головкиннің командасының бір талабы жайлы айтты.
Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя Головкин өз елін қолдамайды деп сынады.
«Головкиннің адамдары жекпе-жек алдында әнұранды айтпаймыз деген талап қойды. Олар өз елін қолдамай ма? Бұл дәстүр. Чемпиондық жекпе-жек алдында әнұран міндетті түрде орындалу тиіс. Головкиннің адамдары қазақстандық, мексикалық, америкалық әнұранның орындалғанын қаламайды. Олар нені талап етпейді десеңізші. Олар жекпе-жекті ауыстырғысы келе ме? Жай ғана, шық та, күрес», – дейді Де ла Хойя.
Бұған дейін «Канело» Головкинмен екінші жекпе-жек алдында өзіне ота жасалғанын айтқан еді.
Айта кетейік, Альварес пен Головкин 15 қыркүйекте екінші рет кездеседі. Алғашқы кездесу секілді бұл жолы да айқас Лас-Вегаста T-Mobile Arena-да өтеді.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.