Головкин: Сауль Альвареспен жұдырықтасуға дайынмын
19 наурыз күнгі жекпе-жегінен кейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль “Канело” Альвареспен шаршы алаңға шығуға дайын екенін жеткізді,-деп жазды Stan.kz.

«Мен Сауль Альвареспен болатын жекпе-жектің болғанын қалаймын. Ынтам зор әрі дайынмын»,-деді Гена.
Ол 12 раундқа созылған жекпе – жектен кейін Джейкобспен алдағы уақытта тағы жұдырықтасуға әзір екенін де айтқан еді. 37 жекпе жегін өткізген боксшы алғаш рет жекпе-жекті 12 раундқа дейін жеткізген еді. Әрі оған қатысты Головкин «Маған 12 раундқа жеткізу қажет болды» деген.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде