Головкин мен «Канелоның» үшінші жекпе-жегі қашан өтетіні аталды

The Ring журналының тілшісі Майк Коппинджер қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің үшінші кездесуі қашан өтуі мүмкін екенін атады.

Головкин мен «Канелоның» үшінші жекпе-жегі қашан өтетіні аталды

Бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Канело» сияқты, Джейкобс та DAZN ТВ-платформасында күтілуде. Ол 4 мамырда сол жерде Альвареспен алғашқы жекпе-жегін өткізуі мүмкін. Мұнан кейін DAZN-ның атқарушы директоры қыркүйек айында Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегін көргісі келеді», – дейді Коппинджер.

Бұған дейін Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен өтуі мүмкін үшінші жекпе-жекке қатысты пікір білдірген еді.

Еске сала кетсек, 16 қыркүйекте Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да 12 раундқа жоспарланған Головкин-“Канело” жекпе-жегі толық өтті. Кездесуде кімнің жеңіске жеткенін төрешілер шешіп, ұпай саны бойынша жеңісті Сауль Альвареске берді (115-113, 115-113, 114-114). Осылайша, отандасымыз  Геннадий Головкин спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тауып, орта салмақ дәрежесіндегі WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар