Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин мен Джейкобс салмақ өлшеп көзбен атысты (видео)

Нью-Йоркте WBA (Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен осы салмақтағы WBA тұрақты чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) салмақ өлшеу рәсімін өткізді.

photo_74605

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Салмақ өлшеу қорытындысы бойынша Головкин 159,9 фунт (72,39 келі), Джейкобс 159,8 фунт (72,48 келі) болды.

photo_74608

photo_74609

Осылайша екі боксшы да орта салмақтың шегі – 160 фунтқа дейінгі талап үдесінен шықты.

Ал салмақ өлшеу рәсіміне қатысқан қазақстандық жанкүйерлер Головкинді ерекше қолдаған.

Головкин-Джейкобс арасындағы жекпе-жек 19 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden-де өтеді.

photo_74607

Бокс кешінің трансляциясы “Қазақстан” және KazSport телеарналары арқылы таңғы 08.00-ден бастап көрсетіледі. Головкиннің кездесуі шамамен 09.40 кезінде басталмақ.

Бұл жекпе-жек үшін Головкин 2,5 миллон доллар, ал Джейкобс 1,75 миллион доллар алады. Сондай-ақ, олардың кездесуі HBO телеарнасының ақылы трансляция жүйесі (PPV) арқылы көрсетіледі. Демек, олар аталмыш көрсетілімнің де белгілі бір пайыздық қаламақысына ие болмақ. Қос боксшы алатын ақша да өз мансаптарындағы рекордтық қаламақы.

Оқи отырыңыз:

Түрік боксшысы Головкиннің бүкіл тісін қағып алатынын мәлімдеді

Қанат Ислам ағылшынша қалай сөйлейді (видео)

Әйгілі Диего Марадона өз сүйіктісіне шабуыл жасады

Василий Левит аса ауыр салмақтағы неміс боксшысын нокдаунға жіберді

Талқылау