Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі ресми түрде мәлімденді

Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі туралы ресми мәлімет шықты.

Екі мықының екінші жекпе жегі 5 мамырға белгіленді. Бұл туралы спортшылардың өзі және промоутерлері мәлімдеді. 5 мамыр – Мексикадағы Синко де Майо деп аталатын ұлттық мереке күні. Айқас күні осы мерекеге орай таңдалды.

“Уақыт белгіленді. Біз дайынбыз. 5 мамырда кездескенше”, – деп жазады Головкин желіде.

“Бұл жолы шешімді төрешілер шығармайды”, – деп жазады Альварес.

Еске сала кетсек, Головкин мен “Канело” арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталды. Осылайша отандасымыз WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулерін сақтап қалған болатын.

Тағы да оқыңыз:

Семейде 21 жастағы жігіт үш сәбиді өлімнен құтқарып қалды

Геннадий Головкин Шымкентке кімнің тойына қонақ болып келді?

Семейде 12 жастағы қыз рак ауруына шалдығып, төсек тартып жатыр

Талқылау