Орнынан тұра алмай қалды: Головкин қарсыласын небәрі 4-раундта сұлатып түсірді
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қарсыласы Стив Роллсты небәрі төртінші раундта сұлатып түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бокс кеші Қазақстан уақытымен 9 маусым күні сағат 09:00-де басталды. Жекпе-жек Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өткен болатын. Бұл Геннадий Головкин үшін DAZN-мен үш жылдық келісімшарттың бірінші айқасы болды. Сондай-ақ, қазақстандық спортшы жаңа жаттықтырушысы Джонатан Бэнкспен бірге алғаш рет шықты.
Кештің андеркартында жұдырықтасқан Әли Ахмедов те қарсыласын ойсырата ұтты.
Головкин үшін бұл кәсіби рингтегі 41-ші жекпе-жегі. Жекпе-жектің 38-ін спортшы жеңіспен аяқтады. Оның 34-і нокаутпен аяқталды. Сауль Альвареспен жекпе-жегінің бірі теңдей, бірі жеңіліспен аяқталды.
Ал Роллс үшін бұл оның 20-шы айқасы болады. Бұрынғы 19 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жеткен. Он айқасты мерзімінен бұрын аяқтаған.
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты
Қазастандық: "Үйде де, жұмыста да, көшеде де қор болып, зәбір көретін – әйел"
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіруге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмайтын болса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"