Головкин «Канеломен» алғашқы жекпе-жегі туралы: Мен өзімнің жеңгенімді білемін

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық қарсыласы Сауль Альвареспен қарымта кездесуінің алдында мәлімдеме жасады.

Головкин «Канеломен» алғашқы жекпе-жегі туралы: Мен өзімнің жеңгенімді

Бұл туралы Boxingtalk.com басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Алғашқы жекпе-жек кезінде және одан кейін көп адам өзінің нағыз бет-бейнесін көрсетті. Мен көп адам туралы айтып тұрмын. Мен өзімнің және «Канелоның» кім екенін білемін. Оның кімге айналғанын және қарымта кездесуде кіммен жұдырықтасатынымды білемін. Ендігі мен алғашқы жекпе-жек туралы ойламаймын.

Мен өзімнің жеңгенімді және шаршы алаңнан барлық белбеумен чемпион ретінде кеткенімді білемін,

Бұл жақсы тәжірибе болды. Алайда қазір жағдай басқа. Мен бірінші жекпе-жектен бір дүниені ұқтым: қарымта кездесу, «Канело» мен оның промоутеріне қалай қарау керектігін. Ендігі бізде жаңа төрешілер, мен рефери болады. Әлем жаңа жекпе-жекке куә болады”, – дейді Головкин.

Сонымен қатар ол Альвареспен алғашқы жекпе-жектен кейін реваншқа әбден дайындалғанын, жаңа әдістерді үйренгенін атап өтті.

“Абель (ред. Санчес) екеуіміз лагерьде жаңа дүниелерді үйрендік. Қазір мен өзімді бақытты әрі күшті сезінемін. Өз фанаттарыма мексикалық стильдегі жекпе-жекті сыйлағым келеді. Бұл жолы мен әлем чемпионы атағы үшін әлдеқайда жақсырақ күресетін боламын”, – дейді Геннадий Головкин.

Айта кетсек, Головкин мен «Канелоның» қарымта кездесуі 15 қыркүйекте Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да өтеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар