Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин «Канелодан» жеңілісінен кейін алдағы жоспарларымен бөлісті

24 қыркүйекте орта салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин өз промоутері Том Леффлермен кездесіп, алдағы жоспарлары жөнінде талқылады.

Геннадий Головкин

Бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Головкиннің промоутері онымен нені талқылағандарын айтып берді.

«Геннадий бәрін ой сүзгісінен өткізу үшін біраз уақытқа үзіліс жасайды. Ол қашан қайтадан жұдырықтасатынын айтпады. Ол да, біз де әлі күнге дейін төрешілердің шешіміне ренжуліміз. Алайда, менің ойымша, ол биыл тағы шаршы алаңға шығады», – дейді Том Леффлер.

Өз сөзінде Леффлер «Канеломен» үшінші жекпе-жек туралы да айта кетті.

«Канеломен» үшінші жекпе-жек бокс әлеміндегі ең маңызды айқас саналады. Сондықтан бұл ьарлығын қызықтырып отыр деп ойлаймын. Жанкүйерлер – спорттық қуаты. Олар төрешілердің шешіміне разы болмады және үшінші айқасты көргісі келеді. Екінші жекпе-жектің нәтижесіне қатысты көптеген наразылық айтылды. Сондықтан осы жолы Геннадий өз атақтарынан шынымен де айырылды. Егер жанкүйерлердің әлеуметтік желілерде жазған пікірлерін оқысақ, олардың дені Головкинді жеңді деп санайтынын көреміз», – дейді Том Леффлер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау