Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин: “Канело” жұдырықтасқысы келсе, маған қоңырау шалсын

Қазақстандық боксшы Генадий Головкин мексикалық боксшы “Канело” Альварес командасының шындыққа жанаспайтын ақпарат таратып жүргенін жеткізді.

la-sp-sn-boxing-canelo-golovkin-wbc-sulaiman-20160517

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Ол «Канелоға» шаршы алаңға шыққысы келген жағдайда өзіне хабарласуды ұсынды.

«Канело» туралы жекті айтар болсам, қазір мен мүлдем басқасына дайындалып жатырмын. Оның командасының сөзі көп. Айтқандары бос қоқыс дерсің. Мен кез келген боксшымен шаршы алаңға шығуға 100℅ дайынмын. «Канело» қаласа, жекпе-жек міндетті түрде болады. «Канело» менімен күш сынасқысы келсе, тікелей өзіме хабарласатынын барлығы жақсы түсінеді. Ол келісім-шарт әкеледі, ал мен ертең бірден қолымды қоямын. Оның мамырда, маусымда немесе шілдеде болатыны маңызды емес. Барлығы осы кездесуді көргілері келіп жүр», – дейді Головкин.

Сарапшылар Головкин мен Альварестің кездесуін барлық жанкүйердің күтіп жүргенін айтты. Мексикалықтар келісім-шарттың өз мәресіне жетіп қалғанын жеткізген болатын. Осы орайда, боксшылардың кездесуі қыркүйек айында өтуі мүмкін. Головкин мен Джейкобстың кездесуі 18 наурыз күні өтеді. Оны «Қазақстан», «KazSport» арналары көрсетеді.


Жіберіп алмаңыздар:

Жетісулықтар Қанат Исламға ат мінгізді (фото)

Максим Головкин неліктен өзінің бауырына жол бергенін айтты

16 жастағы хоккейшілер матч кезінде жаппай төбелесті (видео)

101 жастағы ана ұзақ жасауының сырымен бөлісті

STAN.KZ
Сенбі, 11 Наурыз, 2017 08:07
Талқылау