Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Головкин IBF чемпионы белбеуінен ресми түрде айырылды
Халықаралық бокс федерациясының комиссиясы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді IBF чемпионы белбеуінен айыру туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Бұған қатысты тыңдалым 22 мамырда өткенімен, шешім бүгін қабылданып отыр. Комиссия Головкин мен оның қарсыласы Сергей Деревянченконың дәлелдерін тыңдап, қазақстандық боксшыны белбеуінен айыру туралы шешім қабылдаған.
Оған қазақстандық боксшының чемпиондық атағын 3 тамызға дейін қорғаудан бас тартқаны себеп болды.
Өз кезегінде Головкин мексикалық Сауль Альвареспен қыркүйек айында өтетін жекпе-жекке басымдық беріп, Деревянченкомен жекпе-жектің уақытын шегеруді сұраған еді.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойлаймыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен