Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин қанынан допинг табылған Канелоның таза екенін дәлелдеуін талап етті

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) The Ring-ке берген сұхбатында қарсыласы Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) допинг қолдануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазақстандық боксшы қарсыласы “Канелоның” допингпен ұсталғаны өзі үшін жайсыз хабар болғанын айтты.

«Бұл хабар мен үшін жайсыз болды. Мен «Канелоны» білемін. Оған ешқандай дәрі-дәрмек, допингтің қажеті жоқ. Бұл «Канелоның» ғана емес, оның командасының қиындығы. Бұған дейін аталған затты Мексикадағы басқа да спортшылардың қанынан тапқан. Олар бұл жайды ескеруі тиіс еді.

Ендігі олардың міндеті – «Канелоның» таза спортшы екенін дәлелдеу. Және бұл жағдайды WADA мен комиссия бақылауы тиіс. Егер комиисия оның таза екенін айтса, мен жекпе-жекке дайынмын. Егер «Канело» таза болса, өзімнің одан күшті екенімді дәлелдегім келеді. Дәл осы себепті қазір лагерьдемін. Бірақ мен оның қиындықтары туралы ойламаймын. Мен зертхана немесе комиссия емеспін. Мен – өз залымда чемпионмын. Және өз ісімді дұрыс атқарғаным үшін бақыттымын», – дейді Головкин.

Оқи отырыңыз:

Головкиннің бапкері: “Канелоның” үстінен түстім, бірақ мені қорқытты

Головкиннің қарсыласын допинг қолданғаны үшін өмір бойына спорттан аластатпақшы

Данияр Елеусіновтың кәсіпқой бокстағы жекпе-жегі сәуір айында өтеді

Қазақстан Азия чемпионатында грэпплинг спортынан бірінші орын алды

Талқылау