Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин – Альварес жекпе-жегі 2016 жылдың ең тартысты айқасы болмақ

Геннадий Головкин – Сауль Альварестің жекпе-жегі болса 2016 жылдың ең тартысты айқасы болмақ.

 
 
Альварес 7 мамырда айқас алаңына шығуы тиіс, бұл күні Головкинмен жекпе-жек ұйымдастырса, керемет болар еді, деп жазды  Sports.kz. Негізі Альварес Мигель Коттоны жеңгенде өзінің мықтылығын дәлелдей алған. Артынан ол Геннадий Головкинмен айқасуға әзір екенін айтты. Бірақ оның бұл сөзіне қарамастан, Golden Boy тарапынан бұл айқасты ұйымдастыру әлі белгісіз.

 

Басылымда “Альварес 7 мамырда айқас алаңына шығуы тиіс, бұл күні Головкинмен жекпе-жек ұйымдастырса, керемет болар еді” деп жазылған. Алайда бұл  «Канело» шынымен талап еткен жағдайда ғана болмақ.

Промоутер Оскар Де Ла Хоя өзінің басты жұлдызын қорғағысы келетіні де жасырын емес. Алайда  Альварестің  қалауында болса, дәл қазір Головкинмен айқасты талап ету мүмкіндігін  беріледі.

Орташа салмақтағы чемпиондық осы санат шегінде анықталуы тиіс.

 

Талқылау