Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин алдағы жекпе-жек туралы: Мен жеңіліп қала алмаймын, қателесуге құқығым жоқ

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 5 мамырда америкалық Ванес Мартиросянмен өтетін жекпе-жекке қатысты пікір білдіріп, қателікке жол бермейтінін айтты.

Геннадий Головкин

Бұл туралы boxingnews24.com порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Головкин өзінің басты мақсаты орта салмақта барлық белбеудің басын біріктіру екенін атап өтті.

«5 мамырда нағыз жекпе-жекті тамашалайсыздар. Бұл жекпе-жекте мен жеңіліп қала алмамын. Қателесуге де құқығым жоқ. Афинада өткен Олимпиада ойындарында Мартиросянды кездестіргенмін. Иә, ол – жақсы жігіт. Алайда бокс – ойын емес. Бір ғана соққының өзі бүкіл жекпе-жектің тағдырын шеше алады.

Мен барлығына дайынмын. Өзімнің күш-жігерімді, стилімді білемін әрі қазіргі уақытта өзімді жақсы сезінемін. Орта салмақта барлық белбеуді біріктіру – менің мақсатым. Кіммен жекпе-жеккен шықсам да бәрі-бір. Мен рингке шыққанда, бұл менің күнім екені білемін», – дейді Головкин.

Айта кетсек, Геннадий Головкин 5 мамырда АҚШ-тың Карсон қаласында келесі жекпе-жегін өткізеді. Ол шаршы алаңда америкалық боксшы Ванес Мартиросянмен (36-3-1, 21 КО) кездеседі.

Оқи отырыңыз:

Қазақ қыздары FIDE халықаралық шахмат федерациясының “ТОП-20” тізіміне енді

Головкин «Канелоның» допинг қолдануы туралы: Ол қорыққан шығар

«Канелоның» командасы Головкинді сотқа берді

Қазақ баласы шахматтан әлем чемпионы атанды

Талқылау