Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасанды жолмен көбейтілген: "Голос. Дети" қорытындысы туралы шындық ашылды

"Голос. Дети" байқауындағы дауыс беру жүйесін қайта тексерген Group-IB ревизорлық  компаниясы дауыс саны жасанды жолмен көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Дауыс беру кезіндегі сан мен финалда дауысты жария ету кезіндегі сандар бір-біріне сәйкес келген. Мамандар дауыс санайтын жүйенің нәтижелерді ауыстыру мақсатында кибер немесе инсайдерлік шабуылға ұшырамағанын анықтаған.

Алайда, ревизорлар қысқа нөмірге жаппай автоматтандырылған SMS жолданғанын айтады. Жасанды дауыс жинауда бір операторға тиесілі 300 телефон нөмірі жұмыс жасаған. Осы байланыстардан 8 000 хабарлама келген. Барлық нөмірі бірдей тариф қолданылып, дауыс беруден кейін 300 телефон нөмірдің де өшіп тұрғаны белгілі болды.

СМС арқылы жасанда дауыс жинағандарда техникалық мәселе туындаған. Нәтижесінде автомотизация үшін жазылған кодтың бір бөлігі хабарламаның мәтінінде "07 31: 2019-04-2622:47:31" деп көрініп қалған. Естеріңізде болса "07" Микелла Абрамованың реттік нөмірі болатын.

Сонымен қатар, Group-IB дауыс беруде боттардың қолданылғанын да айтып өтті. Өйткені хабарласып дауыс беру барысында 8(ХХХ)ХХХ-ХХ-38, 8(ХХХ)ХХХ-ХХ-39, 8(ХХХ)ХХХ-ХХ-40, 8(ХХХ)ХХХ-ХХ-41 деген сынды бірегей нөмірлерден келген. Бұндай нөмірлер арқылы бір қатысушы 30 000 дауыс жинаған.

Дауыс беру нақты бір аймақта өте көп жүзеге асқан. Әзірге, ол жерді мамандар жасырын ұстап отыр. Group-IB нәтижелерді финалды зерттеудің жариялануынан кейін ұсынатын болып шешім қабылдап,  ресми түрде ақпарат  бермей отыр.

Талқылау