Ерке Есмаханның туған ағасы Бас мүфтидің орынбасары болып тағайындалды
Ақтөбе облысының бұрынғы бас имамы Бауыржан Есмахан Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының наиб имамы қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы Aktobenews.kz хабарлады.
Бүгін Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайы өтті. Жиналыста ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Бас мүфти лауазымына наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың кандидатурасын ұсынды.
Құрылтайға жиналған 300 делегат Серікбай қажы Оразға дауыс беріп, бірауыздан Бас мүфти лауазымына сайлады. Ал оның орынбасары қызметіне ақтөбелік Бауыржан Есмахан тағайындалды.
Әнші Ерке Есмаханның туған ағасы Бауыржан Есмахан 1975 жылы дүниеге келген. Діни білімді Түркиядағы Ыстамбұл қаласында алған. 2008 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдаған. Ұзақ уақыт бойы Ақтөбе облысындағы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өкілі болған. Ақтөбедегі үлкен мешіт — «Нұр Ғасырда» бас имам болып қызмет атқарған.
2012-2016 жылдары Ақтөбе облыстық дін істері басқармасын басқарып отырған.
Жіберіп алмаңыз:
Алматыда Назарбаев даңғылындағы тақтайшалардың қашан жаңартылатыны белгілі болды
Жихадқа шақырған қазақстандықтар шенеуніктерге шабуыл жасамақ болған
ШҚО-да оқушы баспалдақтан құлап, комаға түсті
Астанадағы медициналық оқу орны студенттері IELTS сертификатын сатып алған

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
