Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғимаратты тонамақ болған ұры кірпішпен абайсызда серіктесінің басынан ұрып есінен тандырды

Желіде түнгі уақытта ғимаратты тонамақ болғандардың видеосы жарияланды.

Оқиға Қытайдың Шанхай қаласында болған.

Екі жігіт ғимараттың бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Тонаушылардың ойлағаны іске аспай қалды. Екі жігіт ғимаратты кірпішпен сындымақ болады. Бірі кірпіш лақтырып, жүре бергенде екіншісінің лақтырған кірпіші басына тиеді. Ол сол жерде есінен тана құлап түсті.

Екінші жігіт дереу серіктесінің жанынан келіп, оны тұрығыза бастайды. Оқиға 14 ақпан күні болған.

“Жазым деген аяқ асты”, “Өздеріңе де сол керек”, “Жас жігіт қой, обал болды”, “Біреуге ор қазба, өзің түсесің деген”, деп жазды желі қолданушылары.

Тағы да оқыңыз:

Өзі жайлы ақпараттан шаршаған Төреғали журналистерге арнап бейнебаян түсірді (видео)

Талқылау