Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германиядағы отандастарымен кездесуге келген Ақаевқа жерлестері жұмыртқа лақтырды

Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың Германиядағы отандастарымен кездесті. Кездесу барысында бір топ адам оның кетуін талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Ақаев 9 желтоқсан күні  жерлестерімен кездесуге әйелі мен қызын ертіп келген. Іс-шараны KyrgyzClub–Germany қауымдастығы ұйымдастырыпты.

Кездесуге қатысушылар арасында бұрынғы президенттің қарсыластары да бар болып шықты. Олар кездесуге “Акаев кет” деп жазылған плакаттар ұстап келіпті. Бұл оқиға әлеуметтік желіде тікелей эфирде таратылды.

Кадрда кей адамдар Ақаевтың сөзін бөле берген. Олар Қырғызстанның бұрынғы президентінен қырғызша сөйлеуін талап еткені көрінеді.

«Олай пәрмен бермеңіз! Сіз Қырғызстанда емес, демократиялық Германияда жүрсіз. Қай тілде сөйлегім келсе, сол тілде сөйлеймін», — деп жауап берді Ақаев.

Ақаев сөз соңында кездесуге қатысушылармен қоштасқан. Алайда оған кей адамдар сұрақ қоя бастағаннан кейін, Ақаев ештеңе айтқым келмейді деп жауап беріпті.

Осы сәтте ер адам Ақаевқа жұмыртқа лақтырды. Оны көрген бұрынғы президенттің қызы Бермет Ақаева жас жігітке келіп, полиция шақыратынын айтқан. Осы кезде жігіт Ақаевтың қызына әкесі жемқор екенін мәлімдейді. Жанжал барысында Бермет ер адамды сөмкесімен бірнеше ұрып жіберген.

Асқар Ақаев 1990-2005 жылдар аралығында Қырғызстанды басқарды. Ол «Қызғалдақ» төңкерісі кезінде тақтан тайдырылып,  елден қашып кеткен еді.

Оқи отырыңыз:

Аштықтан өлейін деп жатқан ақ аю түсіп қалған видео желі қолданушыларын шошытты (видео)

Мешіт маңына шошқа майын лақтырып кеткен америкалық 15 жылға қамалды

АҚШ Иерусалим үшін мұсылмандармен қақтығысып қалды

КСРО халық артисі Леонид Броневой өмірден озды

Талқылау