Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германияда жасөспірім қазақстандық ер адамды құтқарамын деп пойыз астына түсіп мерт болды

Германияның Кобленц қаласында 17 жастағы жасөспірім пойыз астына түсіп мерт болды. Ол қазақстандық ер адамды құтқармақ болған екен.

Германияда жасөспірім қазақстандық ер адамды құтқарамын деп пойыз астына түсіп мерт болды

Бұл туралы Frankfurter Neue Presse басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға 13 қарашада Остендшрассе стансасында орын алған.

Кобленц қаласының федералдық полиция басқармасының өкілінің мәліметінше, жергілікті тұрғын темір жолда жатқан мас ер адамды құтқармақ болға. Жеткіншек жақындап қалған пойыздың жарығын көріп, ер адамға қарай жүгіріп, оны темір жолдан итеріп жіберген. Алайда осы кезде өзі пойыз астына түсіп қалды. Өкінішке орай, ол жедел жәрдем жеткенше тіл тартпай кетті.

Ал мас болған ер адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Анықталғандай, зардап шеккен ер адам 44 жастағы Қазақстан тумасы екен. Ол Германияда үйсіз-күйсіз жүрген. Темір жолда оның жанында үндістандық досы болыпты. Ол оқиға салдарынан жеңіл жарақат алды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау