Германияда ұшақ 90 жолаушысын ұмытып, ұшып кеткен
Eurowings компаниясының ұшағы Дюссельдорф әуежайынан бортқа 90 жолаушысын отырғызуды ұмытып, ұшып кеткен, деп хабарлайды Express басылымы.

Ұшаққа жолаушыларды автобуспен жеткізу керек болған. Бірінші автобустағы 40-тай жолаушы бортқа мініп үлгерген. Алайда екінші автобуста болған 90 жолаушы ұшаққа мінбеген.
Басылымның хабарлауынша, жолынан кешіккен жолаушыларды сабырға шақыру үшін әуежайға он шақты полицей келген.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан