Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Геннадий Головкин спорттық мансабын қашан аяқтайтынын айтты

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) өз дивизионындағы атаулы қарсыластармен айқасу мүмкіндігі болмай жатқанына ренішін білдірді.

LROSLA34lxpY9DLbb89J9Yd3gTQdbG

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Головкин 10 қыркүйекте Лондонда  орта салмақтағы IBF  чемпионы Келл Брукке (36-0, 25 КО) қарсы титулдарын қорғайды. Ол өзіне 13 фунт салмақ қосады.

Бұл ретте Головкин  орта салмақтағы WBC титулын иеленген  Сауль “Канело” Альвареспен (47-1-1, 33 КО) жекпе-жек  өткізуге міндетті үміткер саналады. Алайда мамырда мексикалықтың белбеуі қазақстандыққа беріліп, ол қайта бірінші орта салмаққа өтті.

Сондай-ақ  Головкин  WBO титулының иегері орта салмақтағы  Билли Джо Сондерспен айқас өткізуге тырысты, бұл да іске аспады, британдық Крис  кіші Юбенкпен де мәміле   аяқсыз қалды.

«Шаршы алаңға әлемдегі ең үздік боксшылармен шыққым келеді. Алайда олар менен қашқақтауын қояр емес. Менің мансабымның аяқталуына екі, бәлкім үш жыл  ғана қалды. Біреуді күтіп отыра беруге уақытым жоқ», – деп 34 жастағы Головкиннің сөзін келтірді BoxingScene.com.

Жіберіп алмаңыз:

Головкин Мәсімовті Лондонда өтетін жекпе-жегін тамашалауға шақырды

Головкиннің қарсыласы Брук өзінен 5 килограмға ауыр болып шықты (Видео)

АҚШ тілшісі: Мен Қазақстанды Геннадий Головкин арқылы білемін

Талқылау