Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Геннадий Головкин британиялық Келл Брукты нокаутқа түсірді (фото)

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин британиялық Келл Брукке қарсы жекпе-жекте жеңіске жетті.

7-VAbwR-XRg

Лондондағы О2 аренада өткен бокс кешінде WBA (Super), IBO, IBF және WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) орта салмақтағы IBF тұжырымының чемпионы британиялық Келл Брукті (36-0, 25 КО) 5 раундта сұлатып салуға шақ қалды. Брукты өзінің бапкерлері ғана құтқарып қалды. Олар жекпе-жекті тоқтататындарын айтып, шаршы алаңға ақ орамал тастауға мәжбүр болды.

jpgKZXBve6o

Головкин алғашқы раундта-ақ арыны қатты екенін байқатып, қарсыласын бұрыштан бұрышқа қуалап тықсырған. Ол осы қарқынын екінші раундта да жалғастырды. Бұл жолы қазақстандықтың жойқын соққылары көбеймесе толастаған жоқ. Брукта басын көлегейлеп қорғаннан басқа айла қалмады.

yby3wWlO50E

Үшінші кезеңде британиялық ауыр ногдаун алды. Төртінші раундта да тынбай таяқ жеген Келл Брук мардымды шабуыл да жасай алмады. Ақыры бесінші кезеңде Головкиннің үсті-үстіне жасаған шабуылдары, Бруктың әрі қарай кездесуді жалғастыруына мүмкіндік берген жоқ.

Геннадий Головкин бүгінгі кездесуді қоса есептегенде кәсіпқой шаршы алаңда жалпы саны 36 кездесу өткізіп, оның барлығында жеңіске жетсе, 33 жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған.

XpVjp3yI5Ho

Ал Келл Брук 36 рет шаршы алаңға шығып, оның барлығында дерлік жеңіске жете алған. Ал 25 кездесуін нокаутпен аяқтапты. Бұл оның кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісі.

Бұл жекпе-жек үшін қос боксшы да өздері үшін ең жоғарғы рекордтық сомадағы ақша алады. Кездесу орта салмақ аясында өткендіктен Головкин IBO, IBF және WBC атақтарын қорғап қала алды.

Бүгінгі Головкин-Брук жекпе-жегі Ұлыбритания аумағы бойынша әлеуметтік желідегі ең танымал тақырыпқа айналған еді.

Талқылау