Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғажайып оқиға: Мейірбике 28 жыл бұрын өзі құтқарған сәбидің әріптесіне айналды

Бұл таңғажайып оқиға Калифорния штатының Пало-Альто қаласында орын алды. 52 жастағы мейірбике Вилма Вонг осыдан 28 жыл бұрын өз қарауында болған баланың әріптесіне айналғанын білген кезде, дүниенің қаншалықты тар екенін түсінді.

Ғажайып оқиға: Мейірбике 28 жыл бұрын өзі құтқарған сәбидің әріптесіне айналды

Бұл туралы шетелдік Daily Mail газеті жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

26-аптада дүниеге келген сәби ауруханаға келіп түскен кезде Вилма интенсивті терапия бөлімінде жұмыс істейтін. Ол денсаулығы бір қалыпқа түскенге дейін, сәбидің күтімімен айналысқан.

Қызығы да сол, арада 28 жыл өткен соң, сол сәби Вилманың әріптесіне айналып шыға келді.

Брэндон Семинатор! Тізімнен жаңа әріптесінің тегін көрген кезде Вилма оны танитынын түсінді. Алғашқыда қайдан екенін еске түсіре алмады. Тек Брэндон өзі дүниеге келген емханаға жұмысқа орналасқанын айтып, қалжыңдаған кезде мейірбике оны таныды.

“Мен Брэндоннан әкесі полицияда жұмыс істей ме деп сұрадым. Ол да бір кездері өзіне күтім жасаған Вилма есімді әйел туралы білетінін айтты”, – деп еске алады мейірбике.

Брэндон болса бір кездері өзін құтқарған әйелмен бірге жұмыс істейтініне шексіз қуанышты екенін жеткізді.

“Маған қамқор болған медбикемен бірге енді мен де балаларға қарайласып жатырмын”, – дейді ол.
Вилма аталған емханада 32 жыл жұмыс істеген еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау