БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Гайморитті қалай үй жағдайында емдеуге болады

Құрметті оқырмандар Stan.kz ақпараттық агенттігі гайморитті қалай үй жағдайында емдеу керектігі жайлы пайдалы ақпарат ұсынады.

Гайморитті қалай үй жағдайында емдеуге болады

Гайморит – үстіңгі жақта орналасқан мұрынның қосалқы қуысының қабынуымен сипатталатын ауру. Бұл ауру қатты суық тигенде, жегі түскен тіс, аллергия, онкология және ЛОР мүшелерінің басқа ауруларының ауырғанынан пайда болады.

Ал гайморитті ауруханада және үйде қалай емдеуге болатынын тек дәрігерлер ғана айта алады. Себебі, бұл ауру әр түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Сондықтан, қабыну процесінің кезеңіне байланысты осы немесе басқа да препараттар мен процедуралар қажет болуы мүмкін.

Гаймориттің туындау себебі

– Мұрын қуысындағы дренаждың бұзылуы. Олар мұрын қуысындағы арнайы тесіктермен байланысты. Егер шырышты қабыну пайда болса, онда бұл тесіктер тарылған.

– Мұрынның шырышты қабығының қабынуы, тұмау, анатомияның жеке ерекшеліктері, жарақаттардың нәтижесінде сүйектің өзгеруі, ісіктердің өсуі гаймориттің дамуының негізгі себебі болуы мүмкін.

– Мұрын шырышы өтетін жер бөртіп, вегативтік бұзылыстардың және аллергияның аясында ісісе гайморит болуыз ықтимал.

– Қан арқылы ағзаға инфекция түркенде соңы гаймортке әкелуі мүмкін. Бұл көбінесе балаларда кездесіп жатады.

– Қабынған жерге инфекция түскен жағдайда да гайморитке шалдығуыз ғажап емес.

Қабынудың белгілері

1. Кеңсірік пен мұрын қойнауы аумағының тысыраюы және мұрынның бітелуі. Егер басыңызды иіп, төмендеткен кезде, мұрындағы жайсыздықты қатты сезсеңіз ол гайморит болуы мүмкін.

2. Мұрынның бітелуі. Мөлдір түсті немесе сары-жасыл түсте сұйықтық пайда мүмкін. Ал егер ол тым қою болса, ауру белгілері сізге мүлдем білінбеуі мүмкін;

3. Бетіңіз ауырса. Бұл кезде ауырсыну қабынған жақтан байқалады. Созылмалы гайморитте ол қатты білінбейді, бірақ өткір кезеңде өте күшті болады. Ауру тіпті, көз аймағына өтіп, одан әрі басқа қарай жылжи алады;

4. Әлсіздік пен тез шаршау. Ауыр тыныс алу мен жағымсыз сезімдер ұйқыны, көңіл-күйді нашарлатады, тәбетті төмендетеді;

5. Температура. Қатты ауырған кезде дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Бірақ, созымалы гайморит болса, температура қалыпты бола береді.

Гайморитті қалай анықтауға болады, оның белгілері қандай және үйде емдеуге келе ме

Егер:

Жалпы жағдайыңыз нашарласа;

Бас ауыруы күшейсе, әсіресе еңкейген кезде ауру қатты білінсе;

Гайморит қойнауын ақырын басқанда ауырғанын сезсеңіз;

Мұрын жанындағы аймақта қолайсыздық күшейсе;

Ауру көзге, кеңсіріктің бүйіріне жетсе және т.б. жерлер ауырса;

Температура қайтадан көтерілсе міндетті түрде дәрігерге жүгініңіз.

Үй жағдайында не істеуге болады

Гайморит сияқты ауруды үйде қалай емдеу керектігін тек дәрігер ғана айта алады. Егер жоғарыда аталған белгілер байқалса өздігіңізден емделмей, мамандарға жүгінгеніңіз жөн. Өйткені бұл қабыну процесі созылмалы түрге айналып, елеулі асқынулар тудыруы мүмкін.

Дәрігерлер жиі ұсынатын кеңестер

Гаймориттің пайда болуына әсер еткен себептерді жою. Дәрігерлер мұндай жағдайларда ауру тудырушылармен күресетін құралдарды тағайындайды. Ол қышымаға қарсы, бактерияға қарсы, аллергияға қарсы немесе антисептикалық дәрілер болуы мүмкін. Егер қойнаудағы инфекция жақын орналасқан қабыну ошағынан түссе, мысалы жегі түскен тіс болса онда оны кешіктірмей  емдеу керек;

Жергілікті қабынуды жойып, қойнаудың дренажын жақсартуды ұсынады. Дәрігерлер сондай-ақ, мұрын қуысын жууды және жапсырманы іріңді шығаруға қабілетті құралдарды қолдану арқылы жасауды ұсынады. Мысалы, гайморитті балмен емдеу, теңіз немесе тұзды сумен жуу тиімді қолданылады. Егер осы рәсімдерді аурудың бастапқы кезеңінде дереу жасасаңыз, гаймориттен жылдам айығасыз;

Шырышты қабықтың қалпына келуіне көмектесетін ингалипт, каметон, пиносол, биопарокс секілді өсімдік сығындылары бар, қабынуға қарсы, бактерияға қарсы әсері бар тамшылар қолдануды ұсынады;

Мұрын қуысын шайқурай, ақмия, ара желімі, теңбілгүл, түймедақ, емен қабығы, қырмызыгүл секілді өсімдіктердің қайнатпасымен және тұнбасымен жуу керек. Сонымен қатар, фуразилин ерітіндісі және хлорофиллипт, ротокан, декаметоксин секілді дайын дәрілік заттар қолданылады. Мұндай рәсімдерді күніне кем дегенде 4 рет жасау ұсынылады;

Мұрын қуысын инемен тесіп, антисептикалық заттармен де жууды ұсынады;

Мұрынның айналасын құрғақ немесе инфрақызыл шаммен, сондай-ақ көгілдір шам, тұз қайнатпасы және пісірілген жұмыртқамен жылытуға болады. Бірақ бұл процедураларды мұрын қуысында әлі ірің болғанда және дене температурасы көтерілгенде жасауға болмайды;

Антибиотиктер. Көптеген жағдайларда гайморит осы препараттарсыз емделмейді. Тек дәрігер ғана нақты қандай антибиотик тағайындау керектігін біледі. Олар дәрі-дәрмек түрінде де, инъекция түрінде де ем тағайындай алады;

– Жалпы емдеу. Сізге көбірек витаминді сусындар ішу керек. Сондай-ақ, жалбызтікен, қызыл мия тамыры секілді бактерияға қарсы әсері бар шөптердің қайнатпасын қабылдау немесе муколитик қолдану ұсынылады. Егер дене температурасы қалыпты болса, ыстық ванна секілді алаңдатпа терапиясын жасауға болады;

Халықтық және басқа да консервативтік емдеу әдістері

Гайморитті үй жағдайында емдеу өздігінен жасауға оңай және науқастың жағдайын жеңілдетуге бағытталған бірқатар рәсімдерді қамтиды:

– Мұрынға ментол майын тамызыңыз. Сондай-ақ, онымен маңдайды да майлау керек;

– Ментол мен камфора майын бірдей мөлшерде ыдысқа араластырып, оған кептірілген нан салып, отқа қою керек. Содан кейін оның түтінімен танау арқылы шамамен 3 минут демалыңыз;

– Таңертең және кешке ара желімі мен сары май қоспасына (1: 3) мақта тампонын салып, мұрынға қойыңыз;

– Ингаляция жасаңыз;

Гаймориттің созылмалы түрі

– Егер ауру созылмалы болса, сүт пен сүт өнімдерін тұтынуды тоқтату керек.

– Ал кейбір дәрігерлер гайморитке ауысатын созылмалы тұмаумен ауыратын адамдар патологиялық үдерістің дамуына әсер ететін крахмал мен қанты жоғары өнімдерді және пастерленген сүтті тым көп тұтынады деп санайды.

– Егер иіс сезбейтіндей жағдайға жетсеңіз, табаға кішкене сірке суын құйып, оны қыздырып, буымен демалу керек.

Жалпы ұсыныстар:

– Мұрындағы шырыш орта құлаққа немесе есту түтігіне түсіп кетпес үшін танаудың бір тесігін жауып, кезекпен сіңбіру керек. Оның өзінде кідіріспен сіңбірген дұрыс;

– Тамшыны жатып немесе отырып тамызу керек;

– Сүйелшөп пен алоэ шырынын және балды тең мөлшерде араластырыңыз. Жаңа қоспаны танауға, яғни мұрынның әр тесігіне 5-10 тамшыдан тамызу қажет. Аузыңызға түскен жағдайда, жұтып қоюдан аулақ болыңыз! Бұл рәсімді апта бойы немесе 10 күн,күніне 3-5 рет жасау керек;

– Теңбілгүл тамырын ұнтақтағыштан өткізіп, шырынын сығып алып, фурацилин ерітіндісіне қосады. Пропорция 1: 4 құрауы тиіс. Бұл тамшыны апта бойы күніне 3 рет, 2 тамшыдан тамызады;

– Ара балауызын ерітіп, шамалы суыту керек. Аздап суыған ара балауызынан гайморит қойнауына қоятын жапа жасау керек. Сосын оны гайморит қойнауына қойып, бетін шүберекпен жауып қояды. Бұл рәсімді бір ай бойы, күн аралатып жасайды.

Жалпы алғанда, гайморит үйде емделуі мүмкін, бірақ өздігінен емделмес бұрын дәрігермен кеңесу керек. Дәрігерлер қандай дәрі-дәрмек қолдану керектігін және қандай процедуралар жасау керектігін тағайындап береді. Себебі кейбір халықтық құралдарды қолдануға болмайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр