Ғашықтар тойын өздері танысқан әуежайда өткізді
Америкада ерекше үйлену тойы өтті. Жұп әуежайда үйлену тойын өткізді.
Жас жұбайлардың өмірі әуежаймен байланысты болғандықтан осы орынды таңдаған. Мишель Белло мен Рон Петерсон әуе айлағында, анығын айтсақ, жүк беретін жерде танысқан.
Қалыңдық басшылығының тапсырмасымен әуежайдан жолаушыны күтіп алуы керек болады. Ол кезде жолаушы оның болашақ күйеуі екенін білген жоқ. Содан бастап жолаушымен хабарласып, 12 жыл бойы сөйлесіп жүрді. Көпшілік бұл орынға жүктерін алуға келсе, олар танысқан орнын еске алуға келеді.
"Бұл мекен біз үшін ең қуанышты, сонымен бірге ең мұңды орын", - деді Мишель.
Той күні жүк беретін орынға120 адам жиналды. Олар жас жұбайлардың достары мен туыстары. Әуежайдағылар мұнда алғаш рет той болғанын атады.
Талқылау

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ

30 тәулікке қалдыра алады: Ұшаққа алып кіруге тыйым салынған заттар қайда сақталады
Жеке заттарды уақытша сақтау камерасына өткізуге болады