Басты жаңалықтар
Ғани Қасымовтың тоны Инстаграмды шулатты
Белгілі саясаткер Ғани Қасымов өзінің Инстаграмдағы парақшасында тон киіп түскен суретін жариялап, жазылушыларымен бірге сайлау тақырыбын талқыламақшы болыпты. Қасымовтың тон киіп түскен бірінші суреті бір айдай уақыт бұрын жарияланған. Екі аптадан соң ол суретті өшіріп тастаған.
“Шуба 1,5 мыңнан астам лайк жинағаннан кейін, бұл суретті өшіріп тастадым. Бұл жерде мен емес, шуба жинап тұр лайкты. Барлығы суретті қайтаруларын сұрағаннан соң, қайтардым. Міне, тағы да шуба чемпион!”, – деп жазады саясаткер Инстаграмдағы парақшасында.
Кеше Ғани Қасымов тағы да бір сурет жүктеп, “Әрине, шубаның маған қарағанда 3 есе артық танымалдылыққа ие болып кеткені өкінішті. Көбісі тіпті мен үшін емес, киім үшін дауыс бермек. Солай…” – деп жазды.
Ал, желі қолданушылары тонды әйелдерге арналған деп, сондықтан оны көршісіне бере салу керек деген пікір қалдыруда. Ал Қасымов болса пікірлердің барлығын әзіл деп қабылдап, тіпті қатты айтылғандарды да өшірмеймін депті.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған