Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымжан Молданазар Иван Дорнмен дуэт жаздырды (видео)

Синти-поп стилінде ән салатын Ғалымжан Молданазар Иван Дорнмен бірігіп дуэт жаздырды. Бұл туралы украиналық әнші өзінің желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жаңа туынды “KAIDA” деп аталады. Ән қазақ және украин тілдерінде жазылған.

“Алғаш рет оның туындыларын естіген сәтте-ақ онымен жұмыс істегім келді. Міне, араға екі жыл салып ол жоспарымыз орындалып отыр. Жұмыс жеңіл жүрді. Ешқашан ешкіммен дәл осылай тез әрі еркін ән жазған емеспін. Екеуміз үшін де бірегей фит болды», – деп жазып қойды Иван Дорн желіде.

«Жалпы қазақ музыканттары шетелдік мамандармен сирек жұмыс істейді. Мүмкін тіл шектеулілігі себеп шығар. Сондықтан да біздің жұмысымыз үлкен әрі таза тәжірибе», – дейді Молданазар.

Жіберіп алмаңыз: 

Алмас Кішкенбаевтың әйелі ажырасқандарын мәлімдеді

Қайрат пен Жұлдыз келесі фильмге балаларымен бірге түсуі мүмкін

Ділназ Ахмадиеваның өмірбаяны ағылшын тілі оқулығына енді

Айдана Меденова туған бауырларымен бірге марқұм анасына арнап бейнебаян түсірді (видео)

Талқылау