Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Жер тұрғындарын жақын орналасқан ғаламшарға көшіруге болады

Еуропалық обсерватория астрономдары 2016 жылдың тамыз айында тапқан Proxima B экзоғаламшары адамзат үшін «екінші үй» бола алуы мүмкін.

Ғалымдар: Жер тұрғындарын жақын орналасқан экзоғаламшарға көшіруге болады

Бұл туралы Science Alert басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ғалымдар аталған ғаламшардың Жердің егізі екенін айтты.

Десе де жергілікті жұлдыздың белсенділігі зор болғандықтан, Proxima B бетіндегі температура өте жоғары болуы мүмкін. Алайда ғаламшардағы сұйық су көлемі жеткілікті болуы да ықтимал. Жүргізілген талдау нәтижесі ондағы топырақта қарапайым тіршілік иелері дами алатын сұйықтық мөлшері бар болуы мүмкін екенін көрсетті.

Годдард атындағы ғарышты зерттеу институтының ғалымдарының пікірінше, ғаламшар «үй» жұлдызының белсенділігіне бейімделген болуы ғажап емес. Сонымен қатар пайдалы элементтердің көбі беткі қабатының астында сақталып жатуы мүмкін.

Қазіргі уақытта ғалымдар ғаламшардағы мұхиттардың көлемін анықтауға тырысып жатыр. астробиологтар мен астрофизиктердің пікірінше, Жердегі жағдайға ұқсайтын орта аздап бейімделуді талап етуі ықтимал. Алайда тіршілік сипатында айтарлықтай өзгерістер болмайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау