Ғалымдар ыстық шай мен кофеден рак ауруы пайда болатынын дәлелдеді

Бейсенбі, 16 Маусым , 2016 14:59

Дүниежүзілік  денсаулық сақтау ұйымына (ДДСҰ) қарасты  Халықаралық рак ауруын зерттеу агенттігі сусындарды (шай, кофе) ыстық күйінде тұтыну адам бойында рак ауруның пайда болуына соқтыратынын дәлелдеді.

шай

Бұл туралы The Independent басылымы жазды.

«Жасалған тәжірибелер бойынша ыстық шай мен кофені тұтыну өңеште рактың пайда болуына әкеліп соқтырады. Мұнда дерт  сусыннан емес оның ыстықтығынан пайда болады»,-деген  Лента.ру сайтының тілшісіне  берген сұхбатында Халықаралық рак ауруын зерттеу агенттігінің директоры Кристофер Уайльд.

Ғалымдар сусындағы ең қауіпті температура деп 65 градус цельсиді атаған. Осы температурадан төмен болған жағдайда сусыннан адам денсаулығына келер зиян болмайды екен. Ал, жоғары болған жағдайда өңеште рак пайда болуы әбден мүмкін екен.

«Зерттеу жүргізілген Қытай, Иран, Түркия, Оңтүстік Америка елдерінің халқы сусынды 70 градус цельсиден жоғары температурада тұтынғанды әдетке айналдырған. Оларда шайдың немесе кофенің температурасы жоғары болған сайын рактың қаупі өсетіні байқалды»,-деген ДДСҰ.

Ғалымдар осы болжамның рас екенін анықтау үшін мыңнан астам ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. Олар тіпті  шай мен көфенің ұзақ мерзімге сақталу уақытын да есепке алған.  Әрине сусынның құрамына  сан тексерулер мен мыңдаған тәжірибе жасалған. Оқымыстылардың соңғы қорытындысы бойынша,  ыстық сусыннан келетін қауіп шылым мен спиртті ішімдіктің әсерінен болатын зияннан кем түспеген.

1991 жылы ДДСҰ кофе мен матені  қатерлі ісікке шалдықтыратын сусындар тізіміне жатқызған еді. Бұл топқа енді оқымыстылар 65 градус цельсиден жоғары температурадағы барлық сусындарды жатқызып отыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар