Ғалымдар ұзын бойлы адамдарда жиі кездесетін ауруларды анықтады

Бейсенбі, 4 Ақпан , 2016 12:54

Потсдамда неміс Institute of Human Nutrition зерттеушілері анықтауынша, адамның бойы түрлі созылмалы аурулардың  дамуына оның қаншалықты бейімділігін анықтайды.

bolezni-vysokii-rost

Ұзын бойлы адамдар обырға жиі шалдықса, керісінше оларда сусамыр, жүрек-қан тамырлары аурулары сирек кездеседі екен.

Гарвард денсаулық сақтау мектебіндегі әріптестерімен бірлесіп жасаған  неміс ғалымдарының зерттеуі адамдардың бойының ұзындығы дене салмағы мен басқа да тәуекел факторларынан тыс кейбір жиі таралатын аурулардан болатын өлім-жітімге ықпал ететінін  дәлелдеді.

Эпидемиологиялық деректер орташа бой 6,5 сантиметрге ұлғайған кезде жүрек-қан тамырлары ауруынан орын алатын өлім-жітім 6 пайызға төмендейтінін көрсетеді. Авторлардың айтуынша, бойдың өсуі жоғары калориялы, ақуызға бай  тағамды көп тұтынудан болады.

Бұл денсаулық бағдарламасы ананың құрсағында болғанда, жасалып қояды. Адамның бойының өсуі 1 және 2 инсулин сияқты факторлармен қамтамасыз етілетінін атап өтеміз. Оның жүйесін белсендіру ағзаның инсулинге сезімталдығын арттырады. Ал бауырда май аз жиналады. Бойы ұзын адамдарда жүрек-қан тамырлары мен сусамыр ауруларының тәуекелі төмен болатыны осыдан.

Зерттеу авторлары дәрігерлерге осыны назарда ұстауға шақырады, деп жазады шетелдік БАҚ.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар