Ғалымдар ұйқының бұзылуы есте сақтау қабілетін төмендететінін айтты
Ұйқының бұзылуы есте сақтау қабілетіне зиянын тигізеді, деп жазды Science журналы халықаралық ғалымдардан тұратын топтың зерттеу нәтижесіне сілтеме жасап.

Сурет: inform.kz
Тышқандардың көмегімен бірқатар тәжірибе жүргізген ғалымдар осындай пікірге келді. Бастапқыда кемірушілерге бірнеше күн бойы пішіні бірдей екі нысан көрсеткен. Олардың бірі сақталып отырса, екіншісін үнемі ауыстырған. Тышқандар жаңа нысанды зерттеуге көбірек уақыт кетірген, ғалымдардың пікірінше, бұл жануарларда еске сақтау қабілеті бар болғанын білдіреді.
Кейін зерттеушілер ұйықтап жатқан кезінде жарықтық импульстардың көмегімен кемірушілердің есте сақтау қабілетімен жауап беретін нейрондарына әсер келтірген. Осылайша, келесі күні тышқандар жуырда көрсетілген нысанды (затты) еске түсіре алмаған.
Осының негізінде мамандар ұйқының бұзылуы есте сақтау қабілетіне зиянын тигізеді деген тоқтамға келді.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты