Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар тіс пастасының зиян екенін хабарлады

АҚШ-тағы Техас университетінің ғалымдары тіс пастасы мен косметикада қолданылатын E171 2 титан диоксиді екінші типті диабеттің дамуына себепкер болуы мүмкін екенін анықтады.

Ғалымдар тіс пастасының зиян екенін хабарлады

Бұл туралы Chemical Research in Toxicology басылымы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл химиялық заттар азық-түлік өнеркәсібінде және косметикада заттарға ақ түс беру үшін кеңінен қолданылады. Бірақ, ол элемент адамға зиянсыз деп саналады.

E171 титан диоксидінің қасиеттері XX ғасырдың ортасында белгілі болды. Аталған зат зиянды бояғыштарды қорғасынмен алмастырды. Сондай-ақ, 1970 жылдары оны кеңінен пайдалана бастады. Ал, дәл осы кезеңнен бастап екінші типті қант диабетімен ауыратын науқастардың саны төрт есеге арта түсті.

Ғалымдар өздерінің теориясын тексеру үшін асқазан безінің үлгілері алынған топқа зерттеу жүргізді. Тәжірибеге қатысқан сегіз адамның талдауларынан титан диоксиді табылды, және олардың барлығы екінші типті қант диабетіне шалдыққан.

Зерттеушілер осыдан кейін титан диоксиді екінші типті қант диабетін тудыратын заттардың бірі болуы мүмкін деген қорытындыға келді. Енді ғалымдар зерттеу нәтижелерін ауқымды етіп тексеруге ниетті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау