Ғалымдар: Сағыз артық салмақтан арылуға көмектеседі
Сағызды жүріп бара жатқан кезде шайнау арқылы артық салмақтан арылуға болады. Токиодағы Васэда университетінің ғалымдары осындай тоқтамға келді. Жапон зерттеушілерінің жұмысы Journal of Physical Therapy Science журналында жарияланды.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Ғалымдар 21-69 жас аралығындағы 46 ер адамды зерттеуге алды. Зерттеуге қатысқандардың алғашқы тобы жүру барысында 15 минут бойы екі дана сағыз шайнаған. Ал екінші топқа құрамы сағыздікімен бірдей ұнтақ берілген.
Мамандар екі жағдайда да қатысушылардың жүрек соғысының жиілігін, жүріп өткен жол мен энергия шығынын есепке алған.
“Серуендеу кезінде сағыз шайнау – орта жастағы адамдардың энергия шығынын арттырып отырған, әсіресе егде жастағы ер адамдарда”, – деп түйіндеді зерттеу авторлары.
Методологиялық шектеуге байланысты, ғалымдар нақты қанша сағыз шайнау керектігін айта алмады. Олар мұны алдағы зерттеулерде анықтауға уәде берді.
Қазақстан соғыс ардагерлеріне басқа елдермен салыстырғанда көбірек төлейді
Төлемдер республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады және ардагерлердің барлық санатына толық көлемде беріледі
Қазақстанда келесі жылы ҰБТ бір рет өткізіледі: Білім сапасы арта ма, қысым күшейе ме?
Әлихан: "Кейбір оқушылар қатты уайымдап, күйзеліске түседі"