Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Науқасқа ота жасамай, соқырішекті емдеу керек

Жүздеген жылдар бойы соқырішекті емдеудің бір жолы – ота арқылы алып тастау түрі қолданылып келді. Алайда мамандар соқырішекті алып тастамай, дәрі арқылы емдеп жазуға болатыны айтты.

Бұл туралы сенсациялық жаңалықты Финляниядағы Турку университетінің ғалымдары ашты. Дәрігерлер дәрінің тек ауырсынуды басатынын, аурудың күрделі түрін емдей алмайтынын айтады. Кейін бәрібір ота жасап алып тастауға тура келеді, бірақ ол кезде қиындық туындайды деген пікір айтады.

Ауқымды зерттеу кезінде финдік мамандар бес жыл бойы үш жүз науқастың денсаулығын бақылап келді. Олардың жасы 18 бен 60 жас аралығында. Науқастың бәрі дәрімен емделді. Науқастарға үш күн тамырына дәрі салды. Кейін бір апта дәрі ішіп үйінде емделді.

Соның нәтижесінде екі-үш науқас жазылып кетті. Ал, соқырішегін алуы керек болған науқастардың отасы еш қиындықсыз өтті.

Бұл дегеніміз соқырішектің асқынбаған түрін алдымен дәрімен емдеу керек дейді мамандар. Бұл науқастың жағдайын нашарлатпайды. Керісінше отасыз емделуіне көмектеседі және жараға инфекция түсуінің алдын алады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау