Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Мысықтар адамның көптеген дертке шалдықпауына көмектеседі

Мысық – жалғызбасты жандарға таптырмас серік болып қана қоймай, адамның денсаулығына өлшеусіз пайдасын тигізеді екен.

28_result4

Бұл туралы AdMe.ru жазды.

Мысықтың емдік қасиеті бар

Мысықтың пырылы адамның жараларын емдейді. Ғалымдар әлі күнге дейін бұл дыбыстың қалай дүниеге келетінін анықтаған жоқ. Десе де дәл осы дыбыс адамның регенерацияға деген қабілетіне оңды әсерін тигізеді екен.

Мысықтар арнайы терапевттік тербеліс диапазонында пырылдайды   

Орташа мысықтар шамамен 25-100 герц жиілігінде пырылдайды екен. Дәл осы жиілікте мысықтың бұлшықеттері мен сүйектері қалыпқа келетіні анықталды. Осы нано-пырылдау толқындары адамдар үшін де пайдалы болып шықты. Бұл деректі анықтай түсу үшін бірталай зерттеу жұмыстары жүргізілген. Нәтиже бойынша мысықтың пырылдауы сынған сүйекті және зақымданған бұлшықетті қалпына келтіріп, ентікпеден құтылуға септігін тигізеді екен.

Мысықтар күйзелісті азайтады

Зерттеу нәтижелері жүйке ауруларына шалдыққан адамдардың қатарында мысық асыраушылардың жиі кездеспейтінін көрсеткен. Ал екінші орын ит асыраушылардың еншісінде. Жүйке ауруларына көбінесе мүлдем үй жануарын асырамайтындар шалдығатын болып шықты.

Мысық жүрек талмасына ұшырау мүмкіндігін 40%-ға төмендетеді

28_result4

Миннесота университетінің ғалымдары мысықтың жүрекке тигізетін пайдасын да дәлелдеді. Олардың мәлімдеуінше, мысық асырамайтындар өзгелермен салыстырғанда жүрек талмасына 40%-ға артық ұшырайды екен.

Неге дейсіз ғой? Ғалымдардың сөзіне зер салайық: «Мысықтар күйзеліс пен алаңдаушылықты жойып, соның арқасында жүрек-қан тамырлары ауруларын алдын алады».

Дегенмен де абай болғаныңыз жөн. Иә, бұл зерттеулер мысықтың адам денсаулығына өлшесіз тигізетін пайдасын көрсетті. Алайда бұл байламдар қарапайым мысық асырайтын жандардың өмір салтынан жасалынды. Яғни мысықтың адамның денесіне мистикалық қожалық етуі негізге алынбаған. Бірақ, кім білсін?!

Жіберіп алмаңыз:

Жүргізуші мысықты қағып кетпеу үшін қымбат көлігін “құрбан” етті (фото)

Бағасы 15-100 мың доллар тұратын мысықтарды кімдер асырайды

Тотықұс мысықтармен «мияулап» сөйлесті (видео)

Семіз мысық арықтау үшін бассейнде жүзіп жүр (видео)

Талқылау