Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Көп ұрысатын ерлі-зайыптылардың махаббаты берік болады

Соңғы  зерттеудің нәтижесі бойынша, ерлі-зайыптылардың 44 пайызы аптасына кемінде бір реттен көп ұрысу қарым-қатынасты сақтауға көмектесетінін айтқан. Анықталғандай, көп ұрысатын адамдардың арасында ажырасу жағдайы сирек кездеседі. Мұндай жұптар бір-бірімен жиі ұрысып қалса да, махаббаттарына сенімді.

Ғалымдар: Көп ұрысатын ерлі-зайыптылардың махаббаты берік болады

Белгілі болғандай, ұрысудың ғашықтардың қарым-қатынасы үшін маңызы көп. Оның себептерін Stan.kz ақпарат агенттігі ұсынады.

1. Ұрысу – қарым-қатынастың жетілгендігінің белгісі

Ұрысып қалудан қорқып, одан үнемі қашу ұзақ уақыттық қарым-қатынас құрудың жақсы әдісі емес. Басқа қырынан алсақ, егер ұрыс кезінде өз пікіріңізді нақты жеткізе алсаңыз, демек қарым-қатынасыңыздың деңгейін басқасына өзгерте аласыз.

Алайда кез келген ұрысты пайдалы деп атауға келмейді. Кемел адамдар бір-біріне дауыс көтермейді және жеке тұлғасының мәселелерін көтеріп, бетіне баспайды. Оның орнына нақыт дау тудырған мәселені ғана талқылап, шешімін табуға тырысады. Олар ұрыс кезінде нақты дәлелдерді пайдаланып, сол арқылы қарым-қатынасын жақсарта алады.

2. Ұрысу –  адамның бей-жай қарай алмайтынының белгісі

Жұбайыңның ұнатпайтын әдеттері мен мінезін көтеру оңай емес. Алайда ажырасып кетудің орнына, әлденені өзгерту үшін ұрысып, жағымсыз эмоцияларға шыдау – сол адамды шынайы жақсы көретініңіздің белгісі. Өз отбасыңыз туралы ойлаңызшы: ата-анаңызбен, аға-бауырыңызбен, әпке-сіңлілеріңізбен жиі ұрысасыз ба? Ұрысу сол адамға бей-жай қарай алмайтыныңызды аңғартады.

3. Ұрысу қарым-қатынасты жеңілдетеді

Қарым-қатынастағы сенімділік үнсіздік арқылы келмейді. Керісінше, жұбайыңды түсінуді, өз әрекеттерің үшін жауап беруді және бір-біріңізді мұқият тыңдай білуді үйрену керек.

Ұрысу – қарым-қатынастың ең шынайы түрінің бірі. Сондықтан ол адамдарға жақындасып, сенім мен қарым-қатынасты нығайтуға көмектеседі. Сонымен қатар ұрысу ерлі-зайыптының бір-бірінің тұлғалық ерекшелігін ескеріп, дұрыс сөйлесуге үйретеді.

4. Ұрысу – қарым-қатынастың саулығының белгісі

Психологтар сау әрі бақытты қарым-қатынасты құрайтын 7 нәрсені атайды. Солардың бірі – ұрыс. Егер ерлі-зайыпты мүлде ұрыспаса, бұл қарым-қатынаста әлдененің дұрыс емес екендігін білдіреді.

Ұрысу ғашықтарға құндылықтар мен сезімдерді қайта қарастырып, өздері үшін маңызды дүниелерді талқылауға септігін тигізеді. Алайда мұндай әңгіме кезінде дәлелдер агрессивті түрде айтылмауы тиіс. Өз көзқарасыңызды жеткізер кезде дауыс көтермеуге және серігіңізді кемсітпеуге тырысыңыз.

5. Ұрысу қарым-қатынасты нығайта түседі

Жұбайыңызбен ұрысқан кезде кімнің жеңетіні маңызды емес. Ең бастысы, бір-біріңіз туралы және өзіңіз жайлы көп нәрсені біле аласыз.

Кішігірім түсінбеушіліктер адамдарға өзін шынайы көрсетіп, серігіне өзімен қарым-қатынасқа қалай түсу керектігін аңғартады. Егер барлық қиындықтан қол ұстасып өте білсеңіздер, мәселенің шешімін екеуіңізге де тиімді етіп шеше аласыздар. Нәтижесінде араларыңыздағы байланыс нығая түседі.

6. Ұрысу жағымсыз эмоцияларды шығаруға көмектеседі.

Отбасылық өмір оңай емес. Береке-бірлікті сақтау үшін, кейде өзіңдікі дұрыс екенін біле тұра, жол беруге тура келеді. Егер серігіңіз сіз үшін өзін төмендете алмаса ренжіп, ашуланатыныңыз анық.

Алайда өзіңізге маңызды дүние үшін табандылық танытуға тырыспай, дегеніне келіссеңіз, жұбайыңыз сізден қалаған дүниесін ала алатынына сенімді болады. «Жағымпаздану, үндемей қалу және шыдау» тәрізді стратегия – қарым-қатынастың бұрыстығының нышаны. Мұндай мәселені еңсерудің ең жақсы әдісі – бойыңыздағы жағымсыз эмоцияларды шығарып, жұбайыңызға өзіңіздің қажеттіліктеріңізді  және махаббат үшін құрбан ете алмайтын дүниелеріңізді көрсету.

7. Ұрысу қарым-қатынасты сақтап қалғыңыз келетінін аңғартады

Жүргізілген зерттеуге сәйкес, ерлі-зайыптылардың ең үлкен қателігі – ұрыстан қашып, қиындық туралы жақ ашпау. Біз қарым-қатынаста әлдененің дұрыс емес екендігін сеземіз, осылайша жағымсыз эмоциялар жинақтала береді және жұбайымызды жатсына бастаймыз. Соның салдарынан кейбір жұп ажырасып жатады.

«Ыңғайсыз» сұрақтарды талқылау қарым-қатынасты бұзады деп ойлауға болады. Алайда бұл дұрыс емес. Кедергі келтіретін мәселені, қиындықты анықтап, одан шығар жолды табу анағұрлым жеңіл. Сондықтан жиі ұрысатын ғашықтар көбінесе бірге қалады. Себебі олар қиындықты ұлғайып кетпей тұрғанда шешіп үлгереді.

8. Ұрысу – қарым-қатынаста құштарлық барының белгісі

Кейбір ерлі-зайыпты ұрысудан ләззат алады. Себебі ұрыс қарым-қатынасты құштарлыққа толтырады. Мұндай адамдар ұрысу арқылы жағымсыз эмоцияларды шығарып, сезім отын тұтандыруға болатынын бейсаналы түрде түсінеді.

Егер отбасыңыздың бүтіндігін сақтағыңыз келсе, эмоцияның бәрін іште сақтап жүре бермей, ара-тұра шығарып тұруды үйреніңіз. Алайда кез-келген ұрыстың позитивті әрі жақсы аяқталуы тиіс екенін естен шығармаңыз.

9. Ұрысу қарым-қатынастан зерігуден сақтайды

Бірге тұрып жатқандарыңызға алғашқы жыл болмаса да, кей мәселелерді пікірлеріңіз қайшы келетіні рас. Алайда бұл жаман емес. Себебі көзқарасқа байланысты дау-дамай қарым-қатынасты толықтырып, махаббаттыңызды берік етуге көмектеседі.

Егер адамдар бір-бірімен үнемі келісіп, өзіндік пікірін айтпаса, махаббат зеріктіріп жіберер еді. Сондықтан алдағы уақытта ұрыса бастасаңыздар, шошымаңыз. Оның орнына ұрысты қарым-қатынас үшін пайдалы етудің жолдарын іздегеніңіз абзал.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау