Ғалымдар кітап оқыған адамның өзгелерге қарағанда ұзақ өмір сүретінін дәлелдеді

Сәрсенбі, 10 Тамыз , 2016 14:14

Ғалымдар кітап оқу ой мен қиялды дамытып қана қоймай, адамның өмір жасын ұзартатынын дәлелдеді. Йель университетінің қоғам денсаулығы мектебінде «Кітап оқудың адам өмірінің ұзақтығына әсері» тақырыбындағы көлемді зерттеу жұмыстары жүргізілді.

SONY DSC

Фото: ngonb.ru

12 жылға созылған зерттеуге 3,6 мың ересек ер мен әйел қатысты. Оның ішінде кітапқұмарлар да, құмар еместер де бар.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, үнемі кітап оқитын жандар оқымайтындармен салыстырғанда шамамен екі жылға артық өмір сүреді екен. Ал аптасына 3,5 сағат не одан да көп уақытын оқуға арнайтын зейнеткерлердің басқа егде адамдармен салыстырғандағы өмірмен қоштасу қаупі алдағы 12 жылға шаққанда 20%-ға төмен.

– “Күніне жарты сағат уақытыңызды оқуға арнасаңыз, ұзақ өмір сүруге мүмкіншілігіңіз молаяды”, – дейді зерттеушілердің бірі, профессор Бекка Р.Леви.

Ең қызығы да сол, мұндай «кітап терапиясы» адам талғамайды. Яғни адамның табысына, мамандығына, отбасылық жағдайына, нәсілі мен өмірге разы не разы еместігіне қарамастан, баршаға бірдей әсер етеді. Адамның өмір жасын ұзартатын оқу түрі – кітап оқу. Газет пен журналды таңдаған жандардың көрсеткен нәтижелері аса жақсы емес.

Жалпы, оқу – күйзеліс пен күнделікті тұрмыс машақатынан арылтатын ең тиімді тәсіл. Оқу арқылы адамның миы ұзақ уақыт бойы қартаймайды, мидағы жүйке байланыстары артып, сол арқылы ақылға ақыл қосылады. Кітап оқуды әдетке айналдыру – кәріліктің және Альцгеймер ауруын алдын алады. Ол депрессиямен күресуге көмектесіп, адамның шығармашылық қабілеті мен әлеуметтік бейімділіктерін жақсартады.

Кітап оқудың пайдасы бұрыннан белгілі. Алайда тек Йель университеті ғалымдары ғана алғаш рет оның адам өмірінің ұзақтығына оң әсерін дәлелдей алды.

Нағыз жыл жаңалығы деп осыны айт! Кітап оқиық, ағайын!

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар