Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар ет жемеген адамның өмірі қанша жылға ұзаратынын анықтады

Ғалымдар соңғы кезде еттің адам өміріне зиян екенін айтып дабыл қағып жатыр. Жуырда жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қызыл етті көп жеген адамдардың өмірі қысқаратыны анықталды.

Сурет: altai.kz

Бұл туралы gubdaily.ru басылымы хабарлайды.

Аризонадағы Майо клиникасының мамандары 5,5 мен 28 жастағы 1,5 миллион адам қатысқан алты ауқымды зерттеу жұмыстарын негізге ала отырып қорытынды шығарған. Олардың арасында вегандар да, күнделікті асқа ет тұтынатындар да бар екен.

“Бұл көрсеткіштер дәлелденген зерттеулердің нәтижесін тағы да айқындай түскендей болды. Күнделікті рацион денсаулығымызға айтарлықтай әсер етеді”, – дейді Брукшилд Лоран.

Мамандар қызыл ет (сиыр, шошқа, құлын және жабайы аңдар еті) пен өңделген еттің (хот-дог, шұжық) жүрек-қан тамырлары, рак, қант диабеті сынды ауруларды асқындыратынын анықтады. Әсіресе, өңделген ет адам денсаулығы үшін қауіпті.

Аздаған ет денсаулығыма қауіпті емес деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Мамандар еттен бас тарту арқылы қан қасымының қалыпқа келіп, жоғарыдағы аурулардың алдын алуға болатынын айтады. Олар 17 жыл бойы ет жемеген адамның өмірі 3,6 жылға ұзарғанын анықтаған екен. Десе де, өміріңіз тек өзіңізге тиесілі. Оны қалай өткізетініңізді өзіңіз жақсы білесіз.


Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар қоғамдық көлікте қарияларға орын бермеуге кеңес берді

Қостанай облысында діни көзқарасына байланысты қан құйғызудан бас тартқан кейуана көз жұмды

Алматыда сауда орталығының 3-қабатынан құлаған бала есін жиды

“Голос” мега-шоуының жұлдызын бұрынғы күйеуі өлтіріп кетті

Талқылау